RU
Сахнада жүрген сері жігіттердің тағы біреуі шаңырақ көтермек
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Сахнада жүрген сері жігіттердің тағы біреуі шаңырақ көтермек

Рассказать Вконтакте

Жақында ғана Алуа Қонарованың қос шәкірті шаңырақ көтерген болатын. "RinGo" тобындағы Батыр Байназаров пен Аюмилік Әсел Жамақаева заңды некесін қидырып, той өткізген болатын. Енді продюсердің тағы бір баласы, шоу-бизнестің сүр бойдақтарының бірі Данияр да отау құрмақ деп хабарлайды "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

RinGo. Фото: Казахстанская правда

RinGo. Фото: Казахстанская правда

"Даниярға күнде "Келін қайда?" деп айтып отырамыз. Соңғы уақытта сүйіктісі бар екенін сезіп жүрмін. Жақында өзі хабарлайтын шығар. Біз сол күнді күтіп жүрміз", – дейді Қонарова.

Ал жақында ғана ақ құсын қолына қондырған Батыр әріптесінің үйлену тойын жасырғаны енді "хит" болмайды деп отыр.

"Менің ойымша, мендей шоу жасай алмайтын сияқты. Себебі, мен үндемей жүріп осындай оқиға жасағаным, ерекше болған сияқты", - деп күлді Байназаров.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
1
2
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір