RU
Анасының өлгеніне қуанған балалар елдің ашуын келтірді
Жаңалықтар Әлемде

Анасының өлгеніне қуанған балалар елдің ашуын келтірді

Рассказать Вконтакте

Америкадағы Миннесота штатының тұрғыны Кэтлин Демлоу 80 жасқа келген шағында өмірден өтті. Бұл орны толмас қазаға әйел адамның балалары қайғырып жүрген жоқ. Керісінше олар анасының қайтыс болғанына қуанып, тіпті көпшілікпен бөліскен деп хабарлайды lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: lenta.ru

Фото: lenta.ru

Redwood Falls Gazette басылымында қайтыс болған адамға туысқандары жоқтау жазатын бөліміне бұрын-соңды болмаған мақала шығарылған.

Белгісіз біреулер Кэтлин Дэмлоудың өліміне қатты қуанышты екенін жасырмай жазды. Автор өз мақаласында бұл қазаның туысқандар үшін аса маңызды емес екенін айтып түсіндірді.

"Кэтлиннің өлімінен кейін әлем тағы бір надан адамнан айырылады. Демлоу ханым 1938 жылы 19 наурызда Вабассо қалашығында дүниеге келген. Ол Деннис Демлоу атты ер азаматқа 1957 жылдың күзінде тұрмысқа шыққан. Ерлі-зайыптылардың Джина және Джей есімді екі балалары туылды. 1962 жылы өз қайын ағасынан жүкті болып қалып Калифорнияға қоныс аударған. Әйел адам өзінің екі баласын тастай сала жаңа отбасына кетті. Джина мен Джей Кэтлиннің әке-шешесінің қолында тәрбиеленіп өскен. Демлоу ханымның өзі оларға мүлдем келмеді.", — деп жазылған жоқтау мақаласында.

Сөз соңында автор Джина мен Джей аналарын сағынбайтынын айтып, әлемнің жамана адамнан құтылғаны жөнінде жазды.

Газетті оқыған жұрт өз наразылығын білдіріп, мақаланы жазған сол балалары болар деген болжау жасады. Желіге тарап кеткен бұл жайт интернет кеңістігінде де ауқымды "резонанс" тудырған.

Көпшілік балалардың санасыздығын сынап, қандай ағаттық жіберсе де марқұмға сыйластық таныту керектігін басып айтты.

Бұл жөнінде пікір білдірген Кэтлиннің туысы, әйел адамның бұл өрескел қателігі үшін 60 жыл бойы өкінгенін жеткізген.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
0
3
2
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel