RU
Тұрым Алагөзовтың асырап алған көрікті қызы көпшіліктің таңдайын қақтырды (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Тұрым Алагөзовтың асырап алған көрікті қызы көпшіліктің таңдайын қақтырды (фото)

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық композитор әрі дирижер Тұрым Алагөзов Instagram желісінде өзінің асырап алған Антонина есімді қызын көрсетті деп хабарлайды NUR.KZ.

Алагөзов асырап алған қызы Антонинаның күйеуімен және баласымен бірге тұрған фотосын жариялап, жұртты таң қалдырды.

Белгілі болғандай, музыкант Антонинаны жеті жасында бауырына басқан екен. Бүгінде бойжеткен Қытайда тұрып жатыр. Ол әкесіне отбасылық суреттерін жолдап отырады.

"Менің қызым Антонина Қытайдан осы суретті жіберді. Оның күйеуі Хаарун - компьютерлік бағдараламалар саласында жұмыс істейтін Пәкістан азаматы. Ал Тонечка бұл салада магистр атанған. Ұлы Риян балалар бақшасына барып жүр. Оларға Құдай бақ берсін", - деп жазған Алагөзов.

Тұрым Алагөзов. Фото: Instagram

Тұрым Алагөзов. Фото: Instagram

Көпшілік суреттегі Антонинаның көркіне тәнті болуда.

"Керемет", "Неткен сұлу жұп", "Немерелеріңіз бен балаңызға бақыт тілейміз", "Бала асырап алып, бәріне үлгі болдыңыз", - деп жазған пікір қалдырушылар.

Еске салсақ, бұған дейін Баян Алагөзованың қайын атасы келінінен ел алдында кешірім сұраған болатын.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
1
0
0
2
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel