RU
Күнде сабайтын қызғаншақ жігітінен құтыла алмай жүрген ару жан сырымен бөлісті
Жаңалықтар Қоғам

Күнде сабайтын қызғаншақ жігітінен құтыла алмай жүрген ару жан сырымен бөлісті

Рассказать Вконтакте

22 жастағы астаналық ару өзінен екі жас кіші жігітінен көрген қорлығын айтып, одан құтылудың амалын таппай жүргенін мәлімдеді. Кездескендеріне үш ай енді өтсе де, қол көтеріп, балағаттайтын азаматтан шаршаған бойжеткен жан сырымен бөлісті деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Центр Кировоградских Новостей

Фото: Центр Кировоградских Новостей

Кездесудің алғашқы айларында гүл беріп, үйіне шығарып салатын жігіті біраз уақыттан кейін күрт өзгерген. Оның өте қызғаншақтығынан бойжеткен тыныш ұйықтаудан қалыпты.

"Бастапқы уақытта бәрі керемет еді. Гүл, күнде киноға бару. Арада екі ай өткен соң мен көшеде басымды тік ұстап жүре алмайтын жағдайға жеттім. Көлікке көзім түссе, жүргізушісінен қызғанып, сағатқа қарасам "құтыла алмай жатырсың ба" деп сабап тастайтын. Қол-аяғым көгеріп жүретін болды. Тіпті жақындарымнан да қызғанады.

Күніне 20 сағат жанымнан шықпайды. Ал қалған төрт сағатын видеомен бақылап отырады. Шынымды айтсам, мұндай тексеруден шаршадым. Сәл нәрсе болса ұрып, балағаттап шығады. Тіпті оның анасы баласының алыстап кеткенін менен көріп жүр", - дейді бойжеткен.

22 жастағы ару қазір жалдамалы пәтерін ауыстырып, ол жігіттен қашып жүргенін айтты.

"Анаммен де сөйлестірмейді. Тыныш ұйықтауға қорқатын болдым. Жігітімнің анасына хабарласып, баласы енді мазаласа полицияға хабарласатынымды айттым. Ол сонда да қояр емес. Қайта пәтер ауыстырып, құлағым тынышталды. Бірақ қоңыраулары мен хаттары таусылар емес. Осындай жігітті көрсеңіздер, қашыңыздар. Үйленбей жатып қол жұмсаған адам, түбі тыныштық бермес", - деді бойжеткен.

Сіздің басыңыздан осындай оқиға өтті ме? Бойжеткенге қандай кеңес бересіз? Өз ойыңызбен бөлісуді ұмытпаңыз!

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
2
8
14
0
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір