RU
Өзіне жол берген жүк көлігіне алғыс білдірген қыз көпті сүйсінтті (видео)
Жаңалықтар Әлемде

Өзіне жол берген жүк көлігіне алғыс білдірген қыз көпті сүйсінтті (видео)

Рассказать Вконтакте

Рода Джонс есімді қыз бала нағыз интернет жұлдызына айналды. Төрт жасар велосипедші қыз өзін өткізіп жол берген жүк көлік жүргізушісіне рахмет айтамын деп мыңдаған адамның жылы лебізіне ие болған деп хабарлайды lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ

Фото: lenta.ru

Фото: lenta.ru

Қарапайым қылық арқылы көптің сыйласымдығына кенелген төрт жасар қыз велосипедпен серуендегенді жақсы көреді. Баласын әрдайым бақылауда ұстағысы келетін ата-ана оның велосипедіне видеокамера орнатып қойған.

Дәл соған Роданың жақсы қылық танытқан сәті түсіп қалып, желі қолданушыларын сүйсіндірген.

Рода Джонс көшеде велосипед теуіп келе жатқанда қасынан абайлап өткен жүк көлігі жүргізушісінің әрекетіне риза болып, оған үлкен саусағын көрсеткен. Сыпайы жүргізушіге алғыс білдірген қыздың видеосы интернетке тез тарап кетті.

Аз ғана уақыт аралығында бейнежазба 800мыңнан астам қаралым жинап, көптеген адамдарды тәнті еткен. Бір жерге асығып бара жатқан пысық қыздан бөлек, жүк көлік жүргізушісі де елдің оң ықыласын ие болды.

Роданың ата-анасы оның өміріндегі қызықты жағдайлармен үнемі бөлісіп тұрады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel