RU
Күйеуі құмар ойынға салынған әйел баласынан да айырылып қалмақшы
Жаңалықтар Қоғам

Күйеуі құмар ойынға салынған әйел баласынан да айырылып қалмақшы

Рассказать Вконтакте

Алматылық келіншектің күйеуі құмар ойындарына салынғанына біраз болған. Жарының бұл қылығына шыдай алмаған келіншек ажырасуға шешім қабылдағанымен, баласынан айырылып қалуы мүмкін деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Күйеуі құмар ойынға салынған келіншек баласынан да айырылып қалмақшы

Күйеуі құмар ойынға салынған келіншек баласынан да айырылып қалмақшы

Өзінен он жас үлкен адамға тұрмысқа шыққанына небәрі бір жарым жыл болған әйел жұбайының құмар ойындарға кіріп кеткенін байқайды. Отағасы ретінде үйіне табысын әкелмейтін еркекпен ажырасуды ойлаған ол бір жасар баласын алып, төркініне кетіп қалған.

"Ата-енем де баласының ойындары туралы біледі. Бірақ ештеңе демейді. Күйеуіме «үйге тым болмаса азық-түлік алып келсеңші», - десем, «Шаруаң болмасын, өзім білемін», - дейді. Сосын баламды алып өз үйіме кетіп қалдым", - дейді келіншек.

"Бір күннен соң күйеуім мен енем үйге келді. Сөйтсем,баламды алып кету үшін келіпті. Мен күйеуім құмар ойындарын тастаса, үйге қайтар едім, бірақ ол айтқанынан қайтпай отыр.

«Не мен, не ойын? Екеуінің біреуін таңда дегенмін. Күйеуім бірден «кете бер», - деді. Үйіме келген кезде де солай айтты. Ата-анам да оның адам болмайтынын түсінді", - деген ол баласын қалай болса да бермейтінін айтты.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
6
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір