RU
Жақында отау құрған Гарри ханзадаға апасы не сыйлады?
Жаңалықтар Әлемде

Жақында отау құрған Гарри ханзадаға апасы не сыйлады?

Рассказать Вконтакте

Гарри ханзада мен Меган Марклдың үйленгеніне осымен екі аптаның жүзі өтті. Алайда бұл мерекелік шараға ІІ Елизавета қандай сыйлық жасағаны енді ғана белгілі болды. Корольдік отбасының бас өкілі немересінің отбасы құруына орай жомарттық танытып, тарихи зәулім үйді тарту еткен деп хабарлайды spletnik.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: spletnik.ru

Фото: spletnik.ru

ІІ Елизавета өзінің немересіне York Cottage атты корольдік үйді сыйға берген. Енді жас жұбайлар жаңа үйлеріне жақын арада қоныс аударуды жоспарлап отыр.

Бұған дейін, ерлі-зайыптылар Кенсингтондық сарай аумағындағы Ноттингем коттеджін мекен еткен болатын.

Фото: spletnik.ru

Фото: spletnik.ru

Йорктік зәулім үй жай ғана баспана емес. Бұл өз алдына тарихы терең ғимарат болып есептелінеді. Оны салуға 1953 жылы VII Эдуардтың өзі бұйрық берген. Монарх зәулім үйді өзінен кейін тікелей мұрагері V Георгқа табыстап кетті. Одан кейін бұл ғимарат сәйкесінше, Георгтің немересі ІІ Елизаветға өткен болатын.

Фото: spletnik.ru

Фото: spletnik.ru

Міне енді, аумағы сегіз мың гектар Йорктік зәулім үй Елизаветадан жас жұбайлар Гарри ханзада мен Мега Марклға сыйға берілді.

Фото: spletnik.ru

Фото: spletnik.ru

Бұл англиялық патшайымның алғаш рет жомарттық танытып отырған кезі емес. Бұған дейін ол отау құрған Чарльзға Беркхолл үйін табыстаса, отбасылы болған Уильямға Анмерхолл зәулім сарайын сыйлаған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel