RU
Жақында Жерде тағы бір алапат магниттік дауыл болмақ
Жаңалықтар Калейдоскоп

Жақында Жерде тағы бір алапат магниттік дауыл болмақ

Рассказать Вконтакте

Ғалымдар маусымның аяғында Жер жүзінде тағы бір алапат магниттік дауыл болатынын айтып, дабыл қақты. Бұл туралы NUR.KZ порталы ru.oxu.az сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Магниттік дауыл. Көрнекі фото: ru.oxu.az

Магниттік дауыл. Көрнекі фото: ru.oxu.az

Зерттеушілердің сөзіне сенсек, магниттік дауыл 27-29 маусым аралығында болады. Бұл уақытта энергетикалық жүйелерде ақаулар болып, тіпті ғарыштық аппараттарды басқаруда қиындықтар туындауы мүмкін.

Дауыл кезінде геомагниттік белсенділік қарқындылығы бес балдық шкала бойынша G1 деңгейіне жетеді деп күтілуде.

Биылғы жылы мұндай магниттік дауыл екінші маусым күні тіркелген. Ғалымдар дауыл кезінде адамдардың басы ауырып, әлсіздікті сезінуі мүмкін екенін ескертуде.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
6
3
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір