RU
Ақтөбеде жеке компания басшысы жұмыс орнында өзін жарып жіберді
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Ақтөбеде жеке компания басшысы жұмыс орнында өзін жарып жіберді

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде өзіне қол жұмсаған тұрғынды құтқарып қалу мүмкін болмады. 48 жастағы азамат өзін-өзі жарып жіберген деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбеде 48 жастағы азамат жұмыс орнында өзін жарып жіберді

Ақтөбеде 48 жастағы азамат жұмыс орнында өзін жарып жіберді

"6 маусым күні 1970 жылы туылған науқас жедел жәрдем ауруханасына травматикалық шокпен түсті. Оның қандай жағдайда жарақат алғаны белгісіз.

Науқастың жағдайы өте ауыр болды. Құтқарып қалу мүмкін болмады. Ол кісіге үш бригадалық топ ота жасады.

Науқас кеше сағат 8:20 да көз жұмды", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының орынбасары Гүлнәр Шүкіровна.

ІІД-нің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты тергеу жұмыстарының жүріп жатқанын хабарлады.

"312-ші атқыштар дивизиясы даңғылы бойында орналасқан жеке компаниялардың бірінің аумағында жарақат алған адам туралы хабарлама келіп түсті. Мәлім болғандай, Ақтөбе қаласының тұрғыны өзіне-өзі қол жұмсаған, дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізіліп бірнеше сағаттан соң көз жұмды.
Марқұмның жеке компанияны басқарғаны белгілі болды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда",- дейді ІІД-нің баспасөз қызметі.

Осы оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 105-ші бабы 1-ші бөлігімен «Өзін өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша сот алды тергеу амалдары басталды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
3
5
1
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір