RU
Оқушы қыз емтиханға кіру үшін төстарқышын шешуге мәжбүр болған
Жаңалықтар Әлемде

Оқушы қыз емтиханға кіру үшін төстарқышын шешуге мәжбүр болған

Рассказать Вконтакте

Татарстандағы Нижнекамск қаласында үлкен жанжал орын алды. 4 мауысым күні емтихан тапсыруға келген оқушы қыз төстартқышын шешіп кіруге мәжбүр болған деп хабарлайды ukranews.com сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: TheIns.ru

Фото: TheIns.ru

Оқушы қыздың анасы жергілікті білім басқармасына қызынан төстарқышты шешуін талап еткені үшін өз шағымын айтты.

Басқарма басшысы Айзиряк Рамазанова болған оқиғаға қатысты өз пікірін білдірген. Оның айтуынша, қыз бала төстарқышын өзі шешіп тастаған.

"Оқушыға ешкім қысым көрсеткен жоқ. Ол өзі тест салдарынан әсерге беріліп төстарқышын әжетханаға барып шешіп тастаса керек" , - деп айтты Айзиряк Рамазанова.

Емтиханға кірер алдындағы тексеріс кезінде оның төстарқышынан темірді анықтаған құрылғы шырылдағандықтан, оқушы әжетханға кіріп төстарқышын өзі шешіп тастады.

Оған қарамастан, қыздың анасы білім басқармасы бұл оқиғаны назардан тыс ұстағаны үшін ашулы. Әйелдің айтуынша, басқарма қызметкерлері оқиғаны көре тұра араласпаған.

Прокуратура енді бұл оқиғаны егжейлі-тегжелі зерттеп жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
5
1
1
4
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel