RU
"GGG-ды қорлады": Геннадий Головкиннің промоутері IBF шешіміне түсініктеме берді
Жаңалықтар Спорт

"GGG-ды қорлады": Геннадий Головкиннің промоутері IBF шешіміне түсініктеме берді

Рассказать Вконтакте

Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер Халықаралық Бокс федерациясының (IBF) GGG-ды чемпиондық белбеуінен айыру туралы шешімін қорлаумен теңеді деп хабарлайды Vesti.kz сілтеме жасаған NUR.KZ.

Геннадий Головкин. Фото: Vesti.kz

Геннадий Головкин. Фото: Vesti.kz

Ол осындай шешімге көңілі толмайтындығын және Головкинмен жекпе-жекке шыққысы келген Сергей Деревянченконың белбеуді тартып алуға талап етпегенін айтып отыр.

"Бұл шешімді шығарғанына қарағанда IBF Геннадийді қорлап отыр деп ойлаймын. Бұл олардың тарихындағы ең сұрапыл оқиға болмақ. Геннадий қапа болып отыр", - деді Том.

Оның ойынша, федерация GGG секілді чемпионды жоғалтып, өздеріне жаман атақ жинап алды. Промоутер IBF-тің барлық талаптарына сай жүргендерін алға басып отыр.

Томның ойынша, барлығына кінәлі "Канело". Себебі оны бесінші мамыр күнгі жекпе-жектен шеттетпегенде, Головкин Канеломен кездесіп, басқалардың алдында міндетін орындаған болар еді.

Еске салсақ, IBF Головкиннен белбеуді үшінші тамызға дейін Деревянченкомен болуы керек кездесуден бас тартқаны үшін тартып алды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
5
0
0
4
1
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір