RU
Сүйіктісінің төсін үлкейту үшін атасының ақшасын ұрлап алған жігіт жаға ұстатты
Жаңалықтар Калейдоскоп

Сүйіктісінің төсін үлкейту үшін атасының ақшасын ұрлап алған жігіт жаға ұстатты

Рассказать Вконтакте

Ұлыбританияда Люк Кватрини есімді жігіт 92 жастағы атасының ақшасын қолды қылды. Ол ақшаны сүйіктісінің төсін үлкейтуге ота жасату үшін ұрлағанын алға тартқан. Бұл туралы NUR.KZ порталы segodnya.ua сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бойжеткен. Көрнекі фото: pixabay

Бойжеткен. Көрнекі фото: pixabay

Клифорд Барлет есімді зейнеткер банк карточкасында қомақты қаражат жоқтығын байқап, полицияға жүгінген. Белгілі болғандай, қарияның қаражатын оның 34 жастағы немересі ұрлапты.

Атасының үйіне өз үйі өртеніп кеткесін көшіп келген азамат оның карточкасының құпия кодын біліп алады. Ол карточкадан үш мың фунт стерлингті ұрлап алып, ақшаны ота жасату үшін сүйіктісіне берген.

Бойжеткен зейнеткердің қаражатын төсін үлкейту отасына жұмсайды. Атасының ақшасын рұқсатсыз жұмсаған жігіт сотта жауап беретін болды.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
2
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір