RU
Қазақстандық боксшыны жеңіп кеткен вьетнамдық қыз жігіт болып шықты
Жаңалықтар Әлемде

Қазақстандық боксшыны жеңіп кеткен вьетнамдық қыз жігіт болып шықты

Рассказать Вконтакте

19-27 сәуір аралығында Тайланд елінің астанасы Бангкокта өткен бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатында адам айтса сенгісіз, тосын жағдай орын алды. Қазақ қызын жеңген Вьетнам боксшысы жігіт болып шықты деп хабарлайды Аltaynews.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Еркежан

Мұнда құрлықтың отыздан астам елінен келген кіл мықты спортшылар жарыс жолына шықты.

Атап өтерлік жайт, еліміз былғары қолғап бәсекесінде Азия құрлығында теңдессіз екендігін тағы бір дәлелдеді. Он алтын, төрт күміс және төрт қола жүлдемен жалпыкомандалық есепте алғашқы орыннан көрінді.

Шығысқазақстандық Еркежан Дәулетжанқызы 57 келіге дейінгі салмақта алтын медаль иелену үшін шаршы алаңға шықты. Ал алтын жүлде сарапқа салынған кездесуде төрешілер барлық раундта басымдықты Вьетнам елінің өкіліне берген.

Кейіннен оның жынысын ауыстырған ер бала екені анықталып, күтпеген жағдайын орын алды.

Еркежанның жаттықтырушысы Арман Тыныбаевтың айтуынша, оның қимылы, күлгені, жұдырықтасу мәнері ер балаға қатты ұқсапты.

Азия чемпионаты кезінде ол өзіне көп назар аудартқан. Сайыс мәресіне жеткен соң, AIBA халықаралық бокс қауымдастығы секемденіп одан ДНК сынамасын алған. Осылайша шындықтың беті ашылыпты.

Бапкердің айтуынша, жарыс біткен соң, екі апта уақыт ішінде аяқасты қуанышты хабар жеткен. Енді жақын арада Еркежанға Жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарына жолдама берілетін болады.

"Естіген соң қатты қуандық, десе де таң қалмадық. Осы спортшыда гәп бары бәсеке басынан байқалды. Енді міне, мән-жай анықталып отыр. Мені ең жабырқатқаны – марапаттау кезінде еліміздің байрағы көтеріліп, әнұранымыз шырқалуы тиіс еді. Бұлай болмады", – деді жаттықтырушы.

Еліміздің бокс Федерациясы енді Азия Федерациясына сұрату жібереді. Олар алтын медаль мен Аргентина жерінде өтетін Жасөспірімдер Олимпиада ойындарына жолдаманы берулері тиіс.

Сіздің реакцияңыз
1
9
4
2
0
14
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel