RU
Түймебаев: Латын әліпбиін меңгерудің ешбір қиындығы жоқ (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Түймебаев: Латын әліпбиін меңгерудің ешбір қиындығы жоқ (видео)

Рассказать Вконтакте

Бүгін Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде облыс әкімі Жансейіт Түймебаев студент жастармен кездесіп, "Рухани жаңғыру: жастарға жаңа бағдар" тақырыбында лекция оқыды.

Фото: ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Фото: ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Басқосу барысында аймақ басшысы латын әліпбиінің мән-маңызына тоқталды.

"Хәкім Абайдың 25-ші қара сөзінде "Зарарынан қашық болуға, пайдасына ортақ болуға тілін, өнерін үйрену керек" деген сөзіне 100 жылдан астам уақыт өтсе де маңыздылығын жоғалтқан жоқ. Айта кететіні, біз латын әліпбиіне көшпейміз, қайта оралатын боламыз. Өйткені 1929-1940 жылдары осы әліпбиді қолдандық. Аталған әліпби - бізді жаңа биіктерге жетелейді, көкжиегімізді кеңейтеді. Осы бағытта облыста жалпы 1000-нан астам іс-шара өткізілді. Шет елдерден келген жазушылар, облыстың зиялы қауым өкілдері, түркітанушы ғалымдарының қатысуымен "Латын әліпбиіне көшу – ұлтымыздың жарқын болашағы", "Жаңғыру – жазудан басталады", "Тіл. Тәуелсіздік. Тағылым" сынды бірнеше ғылыми жиын ұйымдастырылды", - деді Жансейіт Түймебаев.

Фото: ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Фото: ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ, облыс басшысы жиылған қауымның алдында латын әліпбиінде жазып көрсетіп, латын қарпінің негізгі ережелерімен таныстырды. "Рухани жаңғыру" бағдарламасының негізгі тұстарын жастарға тарқатып айтты.

"Осыдан бір ғасыр бұрын Міржақып Дулатұлы: "Әр елдің қолданған салт-санасы сол елдің кәсібімен байлаулы. Салт-сананың негізі – елдің қолданған кәсібінде", - деген. Бұл ретте Елбасымыз: "Жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерімізді қайта түлетуіміз керек", - деп атап көрсеткен болатын", - деп қорытындылады аймақ басшысы.

Кездесу аясында жиналған жастар облыс әкіміне толғандырған сауалдарын қойып, жауап алды. Белсенді студенттер түрлі тақырыптарда баяндама жасады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
0
1
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel