RU
Чемпиондық белбеуінен айырылған Головкин "Канелоның" талаптарына келісті
Жаңалықтар Қоғам

Чемпиондық белбеуінен айырылған Головкин "Канелоның" талаптарына келісті

Рассказать Вконтакте

Геннадий Головкин мексикалық қарсыласы Сауль"Канело" Альварестің қойған талаптарына келісті, деп хабарлайды prosports.kz-ке сілтеме жасаған NUR..KZ.

Фото: Kazakh-tv.kz

Фото: Kazakh-tv.kz

Басылымның мәліметінше, GGG өз талаптарын Халықаралық бокс федерациясы (IBF) чемпиондық белбеуін тартып алғаннан кейін өзгертіп отыр.

Қазақстандық боксшы бұған дейін Альварестен табысын 35 пайыздан 50 пайызға дейін көтеруді талап етіп, реванш өткізуге келісім бермей қойған болатын.

"Геннадий өз талабын түсіруге келісім береді. Ол Оскардың айтқанына қарамастан, "Канеломен" реванш өткізгісі келеді, табысты да 55 те 45 көрсеткіші бойынша бөлуге дайын. Олардың кездесуі өте маңызды. Біз жекпе-жекті қалаймыз", - дейді Головкин промоутері Том Леффлер.

Еске сала кетейік, Халықаралық Бокс федерациясы (IBF) маусым күні отандасымызды чемпиондық белбеуінен айыру туралы шешім шығарды. IBF Головкиннен белбеуді үшінші тамызға дейін ресейлік Сергей Деревянченкомен болуы керек кездесуден бас тартқаны үшін тартып алған.

Сіздің реакцияңыз
4
0
3
3
2
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel