RU
Қуат "Найман" Даниярды неліктен Головкинмен салыстыруға болмайтынын айтты
Жаңалықтар Қоғам

Қуат "Найман" Даниярды неліктен Головкинмен салыстыруға болмайтынын айтты

Рассказать Вконтакте

Аралас жекпе-жектен қазақстандық спортшы Қуат Хамитов "Найман" Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновті болашақ Мейвезерге теңеп, оны Головкинмен салыстыратындарға жауап берді деп хабарлайды vesti.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Данияр Елеусінов. Фото: BoxingScene

Данияр Елеусінов. Фото: BoxingScene

"Данияр - өте талантты жігіт. Бұны оның әуесқойлық мансабынан байқауға болады. Олимпиададан кейін мен онымен хабарласып, оған кәсіпқойлыққа өту керектігін айттым. Ол болашақ - Мейвезер!

Бүгінде мен оның бұл қадамын дер кезінде жасағанына қуаныштымын. Мен одан үлкен нәтижелер күтем. Ол жақсы жекпе-жек көрсеткенімен, бұл оның мансабындағы бар болғаны екінші кездесу ғана. Бірнеше жекпе-жектен кейін ол нағыз шоуды көрсететін болады. Ал қазір оған дайындық пен бейімделу жүріп жатыр.

Даниярға мәні жоқ 25-30 кездесу өткізудің қажеті жоқ. Себебі ол 10 жекпе-жектен кейін-ақ Ломаченко сияқты әлем чемпионы болуға қабілетті", - деп атап өткен Хамитов Даниярды Головкинмен салыстыратындарға жауап берді .

"Головкин көп уақытын Германияда жоғалтып алды. Ал Даниярдың командамен де, менеджермен де жолы болып кетті. Ол керек уақытында өз ісі мамандарының қолына түсті. Ол әлі жас. Мен - Данияр Мейвезердің жолын қайталай алады деген үміттемін", - дейді Қуат Хамитов.

Еске сала кетейік күні кеше Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы екінші жекпе-жегін өткізіп, венгр боксшысы Золтан Шабонды жеңген еді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
5
0
1
1
1
13
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір