RU
Назарбаевтың Бейжіңдегі кездесуінде шенеуніктер қалай cелфи жасады? (фото)
Жаңалықтар Саясат және экономика

Назарбаевтың Бейжіңдегі кездесуінде шенеуніктер қалай cелфи жасады? (фото)

Рассказать Вконтакте

Нұрсұлтан Назарбаев Қытайға жалғыз келген жоқ. Онымен бірге қазақстандық министрлер мен танымал қайраткерлер де келді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Қазақстандық делегаттар халықтар кеңесі Үйіне президенттің кездесуіне дейін келіп қойған. Қытайлық және қазақстандық шенеуніктер ғимарат алдына салтанатты түрде Си Цзиньпин мен Нұрсұлтан Назарбаевты қарсы алу үшін бір қатарға тізілді.

Жүзге жуық адам қатысқан Қазақстан басшысын қарсы алу рәсімі өте жоғары деңгейде өтті.

Шерулік формадағы әскерилер, қытай армиясының оркестрі, қызыл кілемдер, көптеген тулар мен гүл ұстаған кішкентай балалар - осының бәрі, шын мәнінде, барлығын тәнті етті.

Осы оқиғаны хабарлайтын журналистердің үлкен тобы фотоаппараттарына әр сәтті түсіріп алу үшін жанталасып жатты.

Күтіп тұрған Бақыт Сұлтанов та шыдамай телефонын шығарып, алдымен ғимаратты түсіріп алып, кейін селфи жасауды жөн көрді. "Астана" халықаралық қаржы орталығының басшысы Қайрат Келімбетовпен бірге автопортрет жасады.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Жеңіс Қасымбек болса ел басшыларын күтіп тұрған балақайларды суретке түсіріп алуды жөн көрді.

Сонымен қатар, президент телерадиокешенінің басшысы Ерлан Бекхожин мен "ҚазМұнайГаз" төрағасы Сауат Мыңбаев та өз телефондарына кадрлар жасады.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Салтанатты рәсімнен кейін қазақстандық министрлер мен қайраткерлер президентпен қоса келіссөздер жүргізіп, құжаттарға қол қою үшін ішке қарай өтті.

Айта кетейік, бүгін кездесу барысында Қазақстан мен Қытай арасында тоғыз құжатқа қол қойылды. Қытай мен Қазақстанның бірлескен құжатына Си Цзиньпин мен Нұрсұлтан Назарбаев жеке өздері қол қойды.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Сонымен қатар, қазақстандық пен қытайлық тараптар ядролық және радиобелсенді заттар мен қалдықтарды заңсыз тасымалды жою туралы мәмілелерді бекітті. Электронды коммерция саласындағы ықпалдастық жөнінде меморандумға қол қойылған.

Құжаттар қатарына Қазақстаннан Қытайға экспортталатын сиыр еті мен люцерна шөбі талаптары қарастырылған протокол да кірді.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: 8 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
15
0
0
1
2
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel