RU
Тікелей эфирде автордан ән сұраған жас әншілер көпшілікті сүйсінтті (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Тікелей эфирде автордан ән сұраған жас әншілер көпшілікті сүйсінтті (видео)

Рассказать Вконтакте

Соңғы кездері қосыла ән шырқап, көпшіліктің көзіне түсіп жүрген Қосқанат Көпжасар мен Гаухар Сардарбек есімді жас әншілер Ұлттық арнаның "Таңшолпан" бағдарламасында тікелей эфирде қонақ болып, өздерінің орындауындағы әннің авторынан рұқсат сұрады деп хабарлайды NUR.KZ.

Тікелей эфирден автордан ән сұраған жас әншілер көпшілікті сүйсінтті (видео)

Тікелей эфирден автордан ән сұраған жас әншілер көпшілікті сүйсінтті (видео)

"Қазақстандық әнші апайымыз - Хадиша Шалабаева орындаған "Неге, неге" атты әнді жаздырып, дайындап қойдық. Бірақ авторларына әзірге хабарласуға мүмкіндік болмады, телефонын да таба алмай жатырмыз", - дейді Қосқанат таңғы бағдарламада.

Ал жүргізуші Берік Есенбай болса сол сәтті қалт жібермей, "Осы әннің авторларынан рұқсат сұраймыз дейді Қосқанат пен Гаухар. Құрметті авторлар, рұқсат беріңіздер", - деді.

Содан соң қолына домбырасын ұстаған Гаухар мен Қосқанат жанды дауыста ән шырқап берді.

Тікелей эфирден алынған үзіндіні парақшасына жүктеген әншіге көпшілік сүйсініп, жағымды пікірлері мен ақ тілектерін жаударды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
1
10
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel