RU
Бір топ адамды көлігімен таптап өткен өзбек жігіті өмір бойына сотталып кетті
Жаңалықтар Әлемде

Бір топ адамды көлігімен таптап өткен өзбек жігіті өмір бойына сотталып кетті

Рассказать Вконтакте

Швеция соты "Стокгольм орталығында теракт жасады" деп айыпталған Өзбекстан азаматы Рахмат Акилов өмір бойы түрме жазасына кесті деп хабарлайды Азаттық радиосына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Бір топ адамды көлігімен таптап өткен өзбек жігіті өмір бойына сотталып кетті

Бір топ адамды көлігімен таптап өткен өзбек жігіті өмір бойына сотталып кетті

Акилов осыған дейінгі сот отырысы кезінде өзіне тағылған айыпты жартылай мойындап, терактіні "Ислам мемлекеті" террорлық ұйымы лидерлерінің бірінің талабы бойынша жасағанын айтқан.

40 жастағы Рахмат Акилов былтыр 7 сәуірде бөтен кісінің жүк көлігін айдап әкетіп, Стокгольмнің орталығында топ кісіні соғып өтіп, одан сауда үйіне соғылып өртенген еді. Шабуылдан төрт адам қаза тауып, 15 адам жараланды.

Акиловтың адвокаты Йохан Эриксон ол теракт жасау арқылы Швеция үкіметін "Ислам мемлекеті" террорлық ұйымына қарсы халықаралық коалициядан шығаруды көздегенін айтқан.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
2
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel