RU
Әлем аруын апатқа түсірген такси жүргізушісі мас күйде көлік жүргізген
Жаңалықтар Әлемде

Әлем аруын апатқа түсірген такси жүргізушісі мас күйде көлік жүргізген

Рассказать Вконтакте

Әлем аруы атанған қырғызстандық Сәния Шәкірованы жол апатына түсірген көлік жүргізушісі мас күйде болғаны анықталды. Бұл туралы Sputnik Қырғызстанға сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Айта кетейік, Miss Universe Beauty — 2018 байқауының жеңімпазы Сәния Шәкірова 2 маусым күні кешке, Қырғызстанның Чок-Тал ауылына жақын маңда жол апатына түсіп көз жұмған болатын. Такси жүргізушісі рөлге ие бола алмай, автокөлік зираттың қоршауына соғылған еді.

Жол апатынан көлік жүргізушісі аман қалып, ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Тексеру нәтижелері көрсеткендей, жүргізушінің қан құрамынан алкоголь анықталған.

Енді 31 жастағы азаматқа қатысты сот отырысы Бішкектегі ғылыми-зерттеу орталығының травматология бөлімінде өтетін болады.

Қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: 8 747 535 12 98

Сіздің реакцияңыз
0
0
4
3
1
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel