RU
Путин өзінен кейін Ресейді басқару кімге бұйыратынын айтып берді
Жаңалықтар Әлемде

Путин өзінен кейін Ресейді басқару кімге бұйыратынын айтып берді

Рассказать Вконтакте

Владимир Путин тікелей эфир барысында өзінің ізін басатын мұрагер туралы көп ойланатынын жеткізді. Оны ел басқаруға қалдырғысы келетінін айтқан Ресей президенті қандай жағдайда да, халық таңдауы болатынын айтты. Бұл туралы Life.Ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Фото: Life.ru

Фото: Life.ru

"Әрине мен білімді, бүкіл Ресей халқының жауапкершілігін арқалай алатын, жаңа басқарушы буынның билік басына келгенін қалаймын", - деді Путин.

Айта кетейік, осыған дейін Ресей көшбасшысы NBC телеарнасына берген сұхбатында мұрагер туралы ойланатынын жеткізген болатын. Дегенмен президент халықтың өзі таңдаған адам ел басқаратынын қадап айтты.

Қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: 8 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
6
4
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір