RU
Әнуар Нұрпейісов қатаң сынға алған қазақ аруы желіде ұятқа қалды (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Әнуар Нұрпейісов қатаң сынға алған қазақ аруы желіде ұятқа қалды (видео)

Рассказать Вконтакте

"Қазақстан аруы" байқауында актер Әнуар Нұрпейісовтің сынына ұшыраған бойжеткен желіде ұятқа қалды. Оқыған кітаптарының тізімін дұрыс айта алмаған Елназ Нұрсейітова өзін алдамақ болған әзілкештердің қылығына қатты ашуланып, оларды оңдырмай сөгіп тастаған деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото ашық ақпарат көздерінен алынды

Фото ашық ақпарат көздерінен алынды

Интернет кеңістігіне тарап кеткен видеода сұлулық байқауларының жүлдегері өзін аса тәрбиесіз жағынан көрсетті.

Елордалық әзілкештер ашқан алдау жобасының кезекті жұлдызды кейіпкері болып таңдалған ару олардың ісіне көңілі толмай, ашуға қатты бой алдырса керек.

Такси жүргізушісі алдау операциясы барысында ұялы телефонмен сөйлесіп отырып, қалжың түрінде қасында отырған бойжеткеннің "онша емес қыз" екенін айтқан.

Артынан мұның бәрі тек алдау жобасы аясында болғанын айтқан кезде, Елназ Нұрсейітова өзін-өзі ұстай алмай кетті.

Әзілкештің қалжыңдары арудың көңіліне қаяу қатты түсіргені болар, бойжеткен ойындағысының бәрін айтып, жүргізушіні оңдырмай сөгіп тастады.

Желі қолданушылары аталмыш видеоға өз пікірлерін де білдіріп үлгерді. Көпшілік мінсіз болып көрінген арудың ерсі қылығына таңғалып, оның айтқан әрбір сөзін талқыға салып жатты.

"Даусы не деген жаман. Байқауда мақтаған қыздың шынайы бет-бейнесі міне осындай" , - деп жазды оқырман.
Фото: Youtube.com

Фото: Youtube.com

2016 жылы "Астана аруы" атанған бойжеткен өзін көпшілік алдында сынап тастаған Әнуар Нұрпейісовтың арқасында танымал болған. Сол жылғы "Қазақстан аруы" байқауында Елназ Нұрсейітова І вице мисс атағын иеленді.

Алайда, ол оқиғада Қазақстан жұртшылығы сыпайы да тәрбиелі көрінген аруды жақтап, тынамал актерді асқан қатыгездігі үшін сөгіп жатты.

Сіздің реакцияңыз
21
4
3
1
0
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel