Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Маған да жүн шығады": Мақпалды күлдірген Нұрболат Абдуллин желіні жарды (видео)

Опубликовано:

Танымал әнші Нұрболат Абдуллиннің өсіріп алған мұртын көрген Халық әртісі Мақпал Жүнісова өзінің таңданысын жасыра алмады деп хабарлайды NUR.KZ.

Әлеуметтік желіде Нұрболат Абдуллин мен Мақпал Жүнісованың грим бөлмесінде кездескен видеосы пайда болды.

Онда Халық әртісі әнші жігіттің бетінен сүйіп, "Ей, сен мұрт қойып алғансың ба? Бір түрлі екен..." деп өз таңданысын білдіреді.

Күліп жіберген Нұрболат "Маған да жүн шығады ғой" деп әзілдеп, мұртын түсірілім үшін өсіріп жүргенін жеткізген.

Осы видеоны көрген желі қолданушылары әншілердің қарапайымдылығына риза болды.

Айта кетейік, Нұрболат Абдуллиннің мұрт қойғанын көрген жанкүйерлер оны танымай қалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1736123-magan-da-zn-sygady-makpaldy-kldirgen-nrbolat-abdullin-zelini-zardy-video/

pixel