RU
Шымкенттік жігіттер ескі Москвичтен Гелендваген құрастырып шықты (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Шымкенттік жігіттер ескі Москвичтен Гелендваген құрастырып шықты (фото)

Рассказать Вконтакте

ОҚО-ның Бәйдібек ауданындағы №19 колледжінің студенттері «Мос­квич» автокөлігінен заманауи «Гелендваген» құрастырып, оқу орнының алғашқы брендін жасап шығарды. Бұл туралы zamana.kz сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Жас жігіттер - "Автокөлікті жөндеу слесары" мамандығының екінші курс студенттері. Бұл жобаларын олар өндірістік оқу шебері Айдар Бейімбетовтың ұйытқы болуымен істеп шыққан.

Фото: zamana.kz

Фото: zamana.kz

"Москвичті" колледждің ұсталар бөлмесіне апарып, бөліктерін бөлшектедік, жөндеп, қайта құрастырдық. Төрт есікті, бес орынды «Седан» автокөлігінің шанағы орта бөлігінен 75 см, артқы бөлігінен 25, алдыңғы бөлігінен 10 см кесіліп, ұзындығы үш см кішірейтілді. Шанақтың ені 39 см қысқартылып, көлік бөлшектеріне өзгерту енгізілді", – деді 2 курс студенті Бақдәулет Қалмырза.

Жігіттердің айтуынша, автокөліктің тиімділігі – салмағы жеңілдеген сайын қоз­ғалтқыш күші артып, жанармай шығынының азаятындығында екен.

Фото: zamana.kz

Фото: zamana.kz

"Содан кейін ол екі есікті, екі орынды, үсті ашық кабриолетке айналды. Кейін беріліс қорабын, жетекші белдігін және жүріс бөлігінің агрегаттарын толық жөндеуден өткізу арқылы «Мерседес-гелендваген» жасап шығардық", - дейді Бақдәулет.

Айта кетейік, жаңартылған автокөлікті құрастыруға 180 мың теңге қаржы жұмсалған.

Қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: 8 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
1
0
3
25
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір