RU
БҚО-дағы тас жолда 12 тонна киім түгі қалмай жанып кетті (фото)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

БҚО-дағы тас жолда 12 тонна киім түгі қалмай жанып кетті (фото)

Рассказать Вконтакте

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданына қарасты Жымпиты ауылына жақын маңда өрт шығып, 12 тонна киім түгі қалмай жанып кетті. Бұл туралы Мой Город сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Фото: Мой Город

Фото: Мой Город

Киім артылған жүк көлігі Қырғызстанға қарай бет алған. Жүргізушінің айтуынша, ол жол үстінде келе жатып тиелгіште өрт шыққанын байқаған. Осыдан кейін бірден төтеншеліктерді көмекке шақырады.

Фото: Мой Город

Фото: Мой Город

"Сағат 12:20-да Самара-Шымкент тас жолының 379-шақырымында жүк көлігінің тиелгіші жанып жатқаны туралы хабар келіп түсті. Оған көмек көрсетуге екі техника мен төрт адам жөнелтілді", - дейді БҚО төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері.

Фото: Мой Город

Фото: Мой Город

Айта кету керек, жүк көлігіне тиелген 12 тонна киім түгелдей жанып кеткен. Өрттің шығу себептері мен шығын көлемі анықталып жатыр.

Қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: 8 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
2
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір