RU
Қатерлі дерт: Ақтөбеде үш адамнан менингит анықталған
Жаңалықтар Қоғам

Қатерлі дерт: Ақтөбеде үш адамнан менингит анықталған

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде жыл басынан бері үш адам менингитке шалдыққан. Бұл туралы облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева мәлім еткен деп хабарлайды kerek-info.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ақтөбеде үш адамнан менингит анықталды

Ақтөбеде үш адамнан менингит анықталды

Басшының айтуынша, облыстағы менингитке шалдығу бойынша эпидемиялық жағдай тұрақты әрі қолайлы. Жыл басынан бері менингитке қатысты 3 жағдай тіркелген. Оның екеуі бала болса, біреуі ересек адам.

Бүгінгі күні науқастардың бәрі емделген. Олармен қарым-қатынаста болған 181 адам тексеріліп, менингококтық инфекциясын қоздырғыш тасымалдаушылар анықталған жоқ.

-Тамағыңыз аздап қана ауырғанның өзінде өз бетімен ем жасауға болмайды. Бірден дәрігерге қаралу қажет. Себебі менингит ауруының алғашқы белгілері кәдімгі тұмаудың белгілерімен бірдей. Ал нағыз белгісі ол дене қызуының үнемі жоғары болуы. Кейбірінде жұлдызша пішінді бөртпелер шығуы мүмкін" ,- деді Нұрсұлу Беркімбаева.
Фото: kerek-info.kz

Фото: kerek-info.kz

Маманның айтуынша, аурудан сақтану үшін бетпердені тек жабық ғимараттарда ғана киюге керек Ал көшеге шыққанда, керісінше таза ауамен көбірек тыныстаған пайдалы.

"Облыстың бас имамына нұсқаулық бердік. Халық көп жиналатын кезде, әсіресе жұма күні ғимарат ішін әлсін-әлсін желдетіп тұруға, ылғалды тазалық жұмыстарымен шұғылдануға баса назар аударылсын деп ескерттік" , - деді Беркімбаева.

Былтыр бірінші жартыжылдықта менингокок инфекциясына қатысты 7 оқиға орын алған. Оның бірі Алға ауданында, қалғаны қалада тіркелген.

2016 жылы да 7 адам аталмыш дертпен науқастанып, ем қабылдаған. 2015 жылы 24 адам ауырып, екі науқас дерттен айыға алмай көз жұмды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel