RU
Министрлік менингитке бола ҰБТ-ны ашық терезе астында өткізуді ұсынды
Жаңалықтар Қоғам

Министрлік менингитке бола ҰБТ-ны ашық терезе астында өткізуді ұсынды

Рассказать Вконтакте

Қоғамдық денсаулықты қорғау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин ҰБТ кезінде түлектерді менингиттен қорғау үшін не істеу керетігін айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Мектеп. Көрнекі фото: zhambyl.kz

Мектеп. Көрнекі фото: zhambyl.kz

"Бұл үшін біз БҒМ-мен барлық мәселелерді талқылап жатырмыз. ҰБТ медицина қызметкерлерінің бақылауында өтетін болады. Барлық нүктелерге дәрі-дәрмек қорабы қойылады", - дейді Бекшин.

ҰБТ шамамен төрт сағатқа созылмақ.

"Біз ҰБТ ұйымдастырушыларына ғимаратты жақсылап желдетіп алуға, дезинфекциялайтын заттармен дымқыл тазалау жүргізуге кеңес бердік. Ғимараттың ауасы тазартылып, мүмкіндігінше ҰБТ кезінде терезелер ашық болуы керек", - дейді Бекшин.

Бекшин соңғы тәулікте менингитпен түскен бірде бір науқас болмағанын алға тартты.

"Дегенмен әлі ем қабылдап жатқан 20 науқас бар. Олардың үшеуі Алматыда және Алматы облысында. Астанада үш, ал Қарағанды облысында бір науқас ем алып жатыр", - дейді Бекшин.

Еске салсақ, дәрігерлер Алматы жұртын дүрліктірген инфекциядан қалай қорғану керектігін айтқан болатын.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
3
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel