RU
Өскеменде мас әйел танысының көлігін айдап кетіп, қала ішінде қыдырған
Жаңалықтар Қоғам

Өскеменде мас әйел танысының көлігін айдап кетіп, қала ішінде қыдырған

Рассказать Вконтакте

Өскеменде ішімдікке сылқия тойып алған әйел ессіз жатқан танысының автокөлігін айдап әкетіп, түні бойы қала ішінде қыдырған. Бұл туралы altaynews.kz сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: Реальный Брест

Көрнекі фото: Реальный Брест

Белгілі болғандай, қаладағы барлардың бірінде танысымен отырған бикеш ол жер жабылғасын гаражға ішімдік алып барған. Танысы ұйықтап қалғанын пайдаланған ол кілтін ұрлап алып, автокөлікпен түні бойы қаланы шарлаған.

Мас күйінде көлік айдап келе жатып көлікпен соқтығысқан кезде әйел ізін суытпақ болған. Келтірілген залалдың көлемі - 500 мың теңге.

Оқиғаға қатысты қылмыстық істі қараған Өскемен қалалық №2 соты әйелді кінәлі деп тауып, оған екі жылға бас бостандығынан шектеу жазасын қолданды. Үкім заңды күшіне енген.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
1
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір