RU
Алматыда менингитке шалдыққан ағайынды дертті қайдан жұқтырды?
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда менингитке шалдыққан ағайынды дертті қайдан жұқтырды?

Рассказать Вконтакте

Алматыда менингит дертіне шалдыққан ағайынды Серәлі мен Бегәлі Құдаш бүгінде қандай жағдайда екендерін айтып берді. Бұл туралы NUR.KZ порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ағайынды. Фото: zakon.kz

Ағайынды. Фото: zakon.kz

Бегәлінің айтуынша, оның жағдайы медициналық колледждегі дәріс кезінде нашарлаған. Ыстығы көтерілген жігіттің кешке басы ауыра бастайды. Сол кезде Бегәлі жедел жәрдем шақырып, жансақтау бөліміне түскен.

Ал оның ағасы Серәлі екі күннен кейін үстінде бөртпе пайда болғанын байқайды. Оны дәрігерлер емханаға жеткізген. Ағайындылар менингитті қайдан жұқтырып алғанын түсіне алар емес.

Олар үш апта бойы колледжде болған. Жігіттердің сараптама нәтижелері жақсы болса, емханадан шығады.

Еске салсақ, дәрігерлер Алматы жұртын дүрліктірген инфекциядан қалай қорғану керектігін айтқан болатын.

Ал министрлік менингитке бола ҰБТ-ны ашық терезе астында өткізуді ұсынды.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
2
1
1
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір