RU
Арбаға таңылған жігіт өз тойында көз жасын тоқтата алмады (видео)
Жаңалықтар Калейдоскоп

Арбаға таңылған жігіт өз тойында көз жасын тоқтата алмады (видео)

Рассказать Вконтакте

АҚШ-та 30 жастағы тұрғын церебралды сал ауруымен туылып, бар өмірін арбада өткізген. 2007 жылы ол сүйіктісі Сабрина Рапосомен желіде танысып, өзінің дерті туралы жасырып келген деп хабарлайды segodnya.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы.

Фото: segodnya.ua

Фото: segodnya.ua

Біраз уақыт бойы азамат арудан өзінің жағдайын жасырып, арбада отыратыны туралы тіс жармайды.

"Менің суреттеріме қарап, сал ауруымен ауырады деп ешкім де ойламайды. Сүйіктіме денсаулығым туралы айтқанда қатты қобалжыдым", - дейді Джастин.

Фото: segodnya.ua

Фото: segodnya.ua

Ал Сабрина бұл жаңалықты төбесінен жай түскендей қабылдаған. Дегенмен ол жігіттің жүре алмайтынын көрсе де, оған деген ойы өзгеріссіз қалыпты.

Осылайша, екі ғашық бір-бірін шын сүйіп қосылған. Олардың үйлену тойында сүйіктісін қалыңдық көйлегімен көрген Джастин көз жасын тоқтата алмапты. Куәгерлер жабылып жүріп, оны сабырға шақырған.

Фото: segodnya.ua

Фото: segodnya.ua

Айта кетейік, салтанатты рәсімнен кейін жастар Мексикаға бал айын өткізуге жол тартты.

Қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: 8 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
1
20
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel