RU
Бақшада жүрген жігітті өзі кесіп тастаған жыланның басы тістеп алды
Жаңалықтар Калейдоскоп

Бақшада жүрген жігітті өзі кесіп тастаған жыланның басы тістеп алды

Рассказать Вконтакте

Американың Техас штатының тұрғынын өзі кесіп тастаған жыланның басы тістеп алды. Бұл туралы segodnya.ua сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: givotniymir.ru

Көрнекі фото: givotniymir.ru

Ер адам өзінің бақшасында жұмыс істеп жүрген кезінде бір метрлік улы жыланды байқап қалады. Ол күрекпен жыланның басын шауып, дене бөліктерін көтермек болғанда жорғалаушының басы оны тістеп алған.

Ауруханаға келген соң, травматолог-дәрігер егер оған уға қарсы дәрінің 26 дозасын екпегенде, оған өліп кетуі мүмкін еді деп айтқан болатын. Дәрігердің айтуынша, қазіргі оның жағдайы бірқалыпты.

Мамандар жыланның денесі кесіліп тасталса да, қозғала беретіндігін және оның басы 12 сағатқа жуық тірі болатынын ескертті.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
1
1
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір