RU
Дәурен Айдарқұловқа тұрмысқа шыққан Ақбота той көйлегін көрсетті (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Дәурен Айдарқұловқа тұрмысқа шыққан Ақбота той көйлегін көрсетті (видео)

Рассказать Вконтакте

Жақында ғана Дәурен Айдарқұловпен заңды некесін қидырған Ақбота Сейтмағамбет той көйлегін көрсетті. Актер бірінші әйелі мен үш баласын тастап, Ақботамен шаңырақ көтерді деп хабарлайды NUR.KZ.

Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота. Фото: Zakon.kz

Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота. Фото: Zakon.kz

Сондай-ақ жас жұбайлар бір жасқа толған ұлдарының тұсауын кесіп, ел алдына алғаш рет шығарған болатын.

Ақботаны ақ көйлекпен көрген желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Біра жас жұбайларға бақыт тілесе, екіншілері өзгенің шаңырағын бұзғаны үшін әншіні айыптады.

"Бақытты бол", "Осы күнге жету оңайға түспеді ғой", "Балаларыңыз аман-есен өсе берсін", "Той қашан?" десе, екіншілері "Ақыры тиіп тындың ба?", "Өзгенің шаңырағын ойрандап бақытты боламын дейсің бе?", "Үш баланың көз жасы жібермейді ғой", "Қоймайды екенсіңдер, кімге нені дәлелдеп әлек болып жатырсыңдар осы" деп жазды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
6
0
1
0
1
9
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel