RU
Алматыда менингит жұқтырған үш жасар баланың анасы оның қалай аман қалғанын айтып берді
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда менингит жұқтырған үш жасар баланың анасы оның қалай аман қалғанын айтып берді

Рассказать Вконтакте

Алматыда үш жасар балақай менингит жұқтырды. Бүлдіршіннің анасы балақайдың қалай дерттен аман қалғанын айтып берді. Бұл туралы NUR.KZ порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Балақай. Көрнекі фото: medaboutme.ru

Балақай. Көрнекі фото: medaboutme.ru

Әйелдің айтуынша, оның баласы 15 мамыр күні ауыра бастаған. Балалар бақшасында жүрген бүлдіршіннің ыстығы көтеріліп, құса бастайды.

Үйінде жағдайы нашарлап кеткесін әйел жедел жәрдем шақырады. Дәргер балада ішек инфекциясы бар деген диагноз қойған.

16 мамыр күні бүлдіршіннің денесіне бөртпе шығып, ол жансақтау бөліміне түседі.

"Бірінші күні баламның аман қалатынына ешқандай үміт болмады. Дәрігерлер "Дұға етіңіз" деумен ғана болды", - дейді әйел.

Ұзақ ем алған балақайдың бүгінде жағдайы жақсарып келеді.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
1
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel