RU
Талдықорғанда селфи жасамақ болған оқушы қыз жоғарыдан құлап көз жұмды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Талдықорғанда селфи жасамақ болған оқушы қыз жоғарыдан құлап көз жұмды

Рассказать Вконтакте

Талдықорғанда құрылысы аяқталмаған ғимараттан тоғызыншы сыныптың оқушысы құлап, қайтыс болды. Жеткіншек жоғарыдан селфи жасап, Instargam желісінде тікелей эфир жүргізіп отырған деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: Хабар 24

Көрнекі фото: Хабар 24

Облыстық полиция өкілдері болған оқиғаны растап отыр.

"2002 жылы дүниеге келген оқушы қыз аяғын шалыс басып, сегізінші қабаттан құлап түсті. Талдықорған қаласы Ішкі істер басқармасының қызметкерлері тексеріс жүргізіп жатыр. Барлық мәліметтер кейін белгілі болады", - деп түсіндірді аймақтың ішкі істер департаменті өкілдері.

Бұл - соңғы күндердегі Қазақстанда болған екінші жағдай.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
2
0
7
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel