RU
"Әбішұлы мырза": Нұрсұлтан Назарбаевты Қытайда қалай атайды?
Жаңалықтар Саясат және экономика

"Әбішұлы мырза": Нұрсұлтан Назарбаевты Қытайда қалай атайды?

Рассказать Вконтакте

Нұрсұлтан Назарбаев Қытай парламентінің басшысы Ли Чжаньшумен кездесу өткізді. Оның барысында бірқатар мәселелер көтеріліп, оған қоса шетелдік қонақ Назарбаевты қытайлықтар өз араларында қалай атайтынын айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

фото: Ақорда

фото: Ақорда

"Біздің ел үшін сіздің орныңыз бөлек. Мен үшін сіз аса сыйлы мемлекет қайраткерісіз. Сіздің есіміңіз қытай халқы арасында өте танымал. Біздің елде сізді Әбішұлы мырза деп атайды", - деп шындықты жайып салды Ли Чжаньшу.

Қытайлық саясаткер Назарбаев қытай халқы үшін нағыз үлгі тұтар тұлға екенін де жасырмады. Сонымен қатар, шетелдік қонақ елбасы мен Си Цзиньпиннің бір ұшақта болған кезін еске алды.

фото: Ақорда

фото: Ақорда

"2013 жылы Си Цзиньпин Астанадан Алматыға ұшып бара жатқан. Сіздер бірге таңғы ас ішкендеріңіз есімде. Бұл Си Цзиньпин тарапынан болған ерекше сыйластық ықыласы болса керек. Өйткені ол кісінің бір басшымен бір ұшақта отырып тамақтанғаны бұрын-соңды болмаған.
2015 жылы сіздің президенттікке қайта сайлануыңызға орай сізге Си Цзиньпин өкілі аранайы құттықтап қайту үшін келген-ді" , - деп айтты қытайлық саясаткер.

Сөз соңында Ли Чжаньшу елбасы арқылы Нығматулин мен Тоқаевқа сәлем жолдады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
2
1
0
0
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel