RU
Қытайда ұсталған қазақ жігітінің туыстары Астанаға келіп көмек сұрады
Жаңалықтар Қоғам

Қытайда ұсталған қазақ жігітінің туыстары Астанаға келіп көмек сұрады

Рассказать Вконтакте

Алматыда Қытайда ұсталған этникалық қазақтың туыстары оның денсаулығы мен қауіпсіздігіне алаңдайтынын білдіріп, Қазақстан билігінен босатуға көмек сұрады деп хабарлайды Азаттық радиосына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қытайда ұсталған қазақтың туыстары Астанаға келіп көмек сұрады

Қытайда ұсталған қазақтың туыстары Астанаға келіп көмек сұрады

Адам құқықтары жөніндегі қазақстандық бюрода өткен баспасөз мәслихатында Ертай Сұлтанбектің туыстары оның Қытайда 25 мамырда ұсталғанын, одан бері хабар-ошарсыз екенін айтады.

Ағасы Жеңісбек Сұлтанбектің сөзінше, Ертай қамалған кезінде Қазақстандағы туыстарына "Елбасынан алғыс хат алғаным үшін кінəлімін бе" деген мазмұнда хабарлама жіберген.

Баспасөз жиынына келген белсенді Серікжан Білəш Ертайдың ақын, композитор әрі ұстаз екенін, 2007 жылы президент Нұрсұлтан Назарбаевқа "Нұрағаның монологы" деп аталатын поэма арнағанын айтты. Поэмадан "Егемен Қазақстан" газетіне үзінді де шыққан. Президент поэма авторына 2008 жылы алғыс хат жіберген.

Жиналғандар бұл баспасөз конференциясын президенттің Қытайға сапары кезінде əдейі ұйымдастырып отырғанын жеткізді.

Жеңісбек Сұлтанбек інісінің ешқандай дінге қатысы жоқ екенін, Қытайда құран кітаптарды өртеп жатқандарын, бауырының саяси оқыту орталығынан тірі шығатынына да күмəнданатынын және қауіптенетінін айтады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
3
0
3
1
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel