Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйелдерге мешітке барып, Қадір түнін өткізсе бола ма?

Опубликовано:

Ерлер қауымы секілді әйелдер де қасиетті түнді Аллаға құлшылық етумен өткізеді. Алайда, көпшілікті "әйелдер мешітке барып, Қадір түнін өткізсе бола ма?" деген сұрақ мазалауда. Бұған Асыл арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ жауап береді.

Көрнекі фото: Mazhab.kz
Көрнекі фото: Mazhab.kz: UGC

Ислам дінінде әйелдерге мешітке баруға тыйым жоқ. Алайда, әйел адамға құлшылықты үйінде жасаған абзалырақ. Тіпті, хадисте әйелдер қауымы үшін үйде оқылатын намаздың 27 есе артық екендігі айтылған.

Бірде Умм Хумайд (оған Алла разы болсын): "Уа, Алла Елшісі, мен сенің артыңда ұйып намаз оқығым келеді", - дейді. Сонда Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): "Маған бұл – мәлім жайт, алайда, үйіңнің оңаша бұрышында оқыған намазың - жабық бөлмеде оқыған намазыңнан, ал жабық бөлмеде оқыған намазың - аулаңда оқыған намазыңнан жақсы. Өз аулаңда оқыған намазың – жақын маңдағы мешітте оқыған намазыңнан артық...", - деген (Ахмад).

Тағы бір хадисте Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): "Әйелдердің ең жақсысы – өз үйлерін мешіт етіп алғандары", - деген (Ахмад).

Қасиетті Қадір түнінде мына дұғаны айтқан жөн: "Иә, Алла, расында, Сен – Кешірімдісің, кешіруді жақсы көресің. Ендеше, мені кешіре гөр!" Аллаһуммә иннәкә ъафу-ун тухиббул-ъафуә, фәъфу ъанни (Тирмизи)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1736180-jelderge-mesitke-baryp-kadir-tnin-tkizse-bola-ma/

pixel