RU
Теледидар арқылы қатерлі ісікті байқаған дәрігер бойжеткеннің өмірін сақтап қалды
Жаңалықтар Әлемде

Теледидар арқылы қатерлі ісікті байқаған дәрігер бойжеткеннің өмірін сақтап қалды

Рассказать Вконтакте

Америкалық отоларинголог Эрих Фойгт телешоуға қатысқан Николь МакГиннесстің мойнынан ісікті байқап, өмірін сақтап қалды деп хабарлайды lenta.ru сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: lenta.ru

Фото: lenta.ru

2017 жылдың қыркүйегінде Николь бас миының ісігіне байланысты ем қабылдағаннан кейін Beachfront Bargain Hunt бағдарламасының түсіріліміне қатысты. Сол уақытта теледидар көріп отырған дәрігер Эрих бойжеткеннің мойнынан ісікті байқап қалады.

"Мен ем алушылармен жұмыс істеу машығын үйренгенмін. Өзім де дәрігер-студенттерге сабақ беремін. Сондықтан бұл менің назарымнан тыс қалмады. Мен бәрінің дұрыс еместігін білдім", - дейді дәрігер. Оның ойынша, дәл осы кемшін тұсты тек кәсіби маман ғана байқай алады.

Эрих бойжеткенге дереу тексерістен өту керектігін түсінді. Бірақ дәрігер оның есімін де, жалпы кім екенін білмеді. Сондықтан ол халықтан Facebook-та қол ұшын созуды сұрады.

Дәрігер бағдарламаның үзіндісін тауып алып, өзінің достарынан көмек сұрады. Жазбасының астына "Мен бағдарламаны қарап отырып, бойжеткеннің қалқанша безі дұрыс еместігін байқадым. Оған сонограмма мен биопсия керек" деп сөз қалдырды.

Біраз уақыттан кейін дәрігер мен бойжеткен кездесті. Николь барлық тексерістерден өтіп, қазір дәрігерлердің бақылауында. Ол өмірін құтқарып қалған Эрихқа алғысын басқа бір телешоу барысында білдірген болатын.

Қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: 8 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
3
1
0
1
8
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel