RU
Ақтөбеде бес балалы жесір келіншек бір аптадан бері жейтін нан таппай отыр (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде бес балалы жесір келіншек бір аптадан бері жейтін нан таппай отыр (фото)

Рассказать Вконтакте

Ақтөбе облысының Шалқар ауданында тұратын Алмагүл Әлжанова NUR.KZ порталына жағдайын жылап отырып баяндады. 37 жасында жесір қалған ана бес бала тәрбиелеп отыр. Келіншек балаларымен бірге пәтер жалдап тұрады.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

"Қазір жасым 44- ке келді. Жолдасымның қайтқанына биыл 8 жыл болады. Сенсеңіздер, бір апта болды үйімізде жейтін нан да жоқ. Ұнымның біткенін айтып, әкімдікке қаншама рет жылап бардым. Болмағасын "үйімде тамақтың жоқтығын комиссия жіберіп қараңдаршы" дедім. Балаларымды асырау үшін әкімнен орынтақтағы қызметті сұрап жүргенім жоқ. Ақшасына нан алатын еден жуушы болуды армандап отырмын. Ауылда жұмыс жоқ. Жасап жүрген жұмысымнан қысқарып қалдым. Менің бітірген оқуым да жоқ. Сол себепті жұмыс таңдап отырған жоқпын. Бес баламның біреуі оқуын бітірді. Екіншісі қаржыға байланысты бітіре алмай қалды",-дейді жылап отырып жағдайын айтқан Алмагүл Әлжанова.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Келіншектің балаларының алды 24 жаста. Одан кейін 22, 21, 17, 10 жастағы балалары бар. Айтуынша, есейген балалары жұмыс таба алмай әр жерде сенделіп жүр. Отбасының күнкөрісі- әкесі жоқтығына байланысты 18 жасқа толмаған балаларға төленетін 42 мың теңге жәрдемақы.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

"Ауызымды буып, ештеңе жемесем де сол ақшаны пәтерге беремін. Ауыспаса болмай қалғанын айтып, балаларға тамақ аламыз. Пәтер ақысы қыс айларында 20 мың теңге, жазда 12 мың теңге шығады. Осы айда пәтер ақысын да төлей алған жоқпыз. Біздің күнімізді ешкімге бермесін. Дүкендерден тамақ алғаным үшін 100 мың теңге бережақпын. Олар да сотқа береміз дейді. Олардыкы да дұрыс. Бірақ тауып бере алмай отырмын. Көмек сұрайтын менің ешкімім де жоқ. Айналып келіп аудандық әкімдікке барамын. Барған сайын сөз естіп қайтамын. Ондағылар "жұмыс жоқ", "бюджетте ақша жоқ", "жұмыс сұрап келмеңдер", "ертең кел" не "арғы күні кел" деп шығарып салады. Жесір қалған тағдырыма жылап, арланамын", - дейді келіншек.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Отбасыға көмектесемін деушілер болса Алмагүл Әлжанованың ұялы телефоны: 87771677366

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
8
2
2
28
2
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel