Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да тағы бір шенеунік мас күйінде жол апатына түсті

Опубликовано:

Toyota Rav4 маркалы көлігін мінген ШҚО-дағы жер қатынастары бөлімінің басшысы қарсы беттегі жолаққа шығып кетіп, Toyota Hilux Surf көлігімен соқтығысқан. Нәтижесінде Toyota Hilux Surf көлігінде болған екі жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға түсті. Бұл туралы BNews.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Көрнекі фото ашық желіден алынды
Көрнекі фото ашық желіден алынды: UGC

Қызметтік тексеріс барысында Абай аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Саржанов өз қарамағында жұмыс істейтін бөлімнің бас маманы Қасымжанмен бірге Семейден Қарауыл ауылына қарай жол тартқаны анықталған. Автокөлік ішінде тағы да Қасымжанның екі жасөспірім туысы болған.

Семейден шыққан соң, әріптестер жолда тоқтап, алкогольдік ішімдік ішеді. Біраз уақыт өткен соң Саржанов көлік рөліне Қасымжанның отыруын сұрайды.

"Әрмен қарай көлікті Қасымжан басқарып отырғанда, олар жолдың қарсы жақ бетіндегі жолаққа шығып, өздеріне теріс бағытта келе жатқан көлікпен соқтығысқан", - делінген хабарламада.

Медициналық сараптама нәтижелері екі мемлекеттік қызметкердің де алкогольдік ішімдік ішкенін анықтаған. Енді жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Айта кетейік, бұл жыл басынан бері мемлекеттік қызметкерлер кінәсімен орын алған екінші жол апаты болып отыр. Риддер қаласының әкімі мас күйінде көлік жүргізіп, 18 жастағы Евгений Смольниковты қағып өлтірген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1736201-sko-da-tagy-bir-seneunik-mas-kjinde-zol-apatyna-tsti/

pixel