RU
Су жаңа мектепті аралаған Шымкент әкімі жағасын ұстады
Жаңалықтар Саясат және экономика

Су жаңа мектепті аралаған Шымкент әкімі жағасын ұстады

Рассказать Вконтакте

Су жаңа мектеп ғимаратын аралаған Шымкент әкімі жағасын ұстап қайтты деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Нұрлан Сауранбаев. Фото: NUR.KZ

Нұрлан Сауранбаев. Фото: NUR.KZ

Шымкент басшысы Нұрлан Сауранбаев №103 мектептің жаңа ғимаратын аралап шықты. Құрылысы біткенімен әлі де болса түзету жұмыстарын қажет ететін нысанмен танысқан әкім Сауранбаев нысан бей-берекет салынған деп оны жобалаушыларға шүйлікті.

Мектепке кіреберіс есікте балалар қауіпсіздігі қарастырылмағанын айтқан Шымкент "мэрі" күзетші бөлмесін сынға алып, ғимарат ішіндегі дәлізін сөз етті.

Әкімнің айтуынша, әлемге әйгілі Гарвард университетінің өзі мұндай астамдыққа жол бермейді, ал №103 мектеп дәлізі тым кең.

Бұл, сәйкесінше ғимаратты жылытуға, алдағы уақытта жүргізілетін жөндеу жұмыстарына салмақ түсірмей қоймайды.

Әкім желдеткіш жүйесі дауысының сабақ жүргізуге кедергі келтіретініне де нысан жобалаушыларының назарын аударды.

"Мақтанатын ешнәрсе жоқ... Мен балалардың мұндай жағдайда білім алғанын қаламаймын", - деп жауаптыларға қатаң ескертпе жасады Нұрлан Сауранбаев.

Ол құрылыс бөліміндегілерге бұл кемшіліктерді тез арада түзетіп, алдағы уақытта мұндай олқылықтарға жол бермеу керектігін тапсырды.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
1
0
1
1
11
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel