RU
Мешіттегі имамдарды жамандаған ОҚО-дағы қайыршы әйелдің өтірігі әшкере болды (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Мешіттегі имамдарды жамандаған ОҚО-дағы қайыршы әйелдің өтірігі әшкере болды (видео)

Рассказать Вконтакте

Кеше Шымкенттегі мешіттердің имамдары көмекке бөлінген азық-түлікті үйлеріне алып кетеді деп шағым айтқан қайыршы келіншектің ісіне Ордабасы ауданындағы "Абдулхамид Қаттани" мешітінің қызметкерлері жауап қайтарды. Сондай-ақ мешіт жанында қайыр сұрайтын өзге әйел имамдарды жамандаған келіншектің күйеуі мен үйі бар екенін айтып қойды деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

NUR.KZ порталының өңірлік тілшісіне сұхбат берген Айнаш есімді екі баласы бар келіншек Ордабасы ауданындағы мешіт жанында қайыр тілеп, күнін көреді.

Оның айтуынша, мешіт қызметкерлері қайырымды жандардан түскен азық-түлікті үйлеріне өздерімен бірге алып кетеді екен.

Осы істің анық-қанығына көз жеткізбек болған азамат мешіттегі имамдардың ісін тексеріп, видеоға түсіріп алған.

"Қаттани мешітінде бүгінгі таңда жағдайы жоқ 100 адам тіркелген. Рамазан айының соңында тағайындалған азық-түліктерді алып, осы кісілерге таратамыз", - деген мешіт қызметкері көмекке мұқтаж жандардың тізімін көрсетті.

Сондай-ақ мешіттің жанында көмек сұрайтын мүгедек әйел де мешіттегі имамдардың қайырымдылық жайында сөз етті.

"Мен мешіттің жанында қайыр сұрап күнелтемін. Сондай-ақ он жылға жуық уақыттан бері осы мешіттен көмек алып келемін. Менің жанымда отыратын қайыршылар менімен осы үшін жұлысады. Айшаның күйеуі бар. Үйінде отырады. Бұл саланы кәсіп қылып алғандар, шынайы мұқтаж емес", - деді мүгедек жан.

Ал сіз, жиі қайырымдылық жасайсыз ба?

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
19
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір