RU
Ата-анасынан айырылған тараздық балақайлардың тағдыры жұртты жылатты (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Ата-анасынан айырылған тараздық балақайлардың тағдыры жұртты жылатты (видео)

Рассказать Вконтакте

Жамбыл облысының Көктөбе ауылында тұратын Медет пен Меруерт есімді қос балақайдың ата-анасы осыдан біраз жыл бұрын, жол апатынан қайтыс болған. Содан бері бүлдіршіндер әкелерінің туған әпкесінің тәрбиесіне өткен. Аудан орталығынан шалғайда жатқан ауылда қоныс тепкен олар, бүгінде Қордайдан баспана алсақ дейді. Себебі Көктөбедегі мектепте бала саны аз. Осыған орай қос бүлдіршіннің әпкесі Дәмеш Уленбаева жомарт жандардан көмек сұрайды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Фото: Instagram

Фото: Instagram

38 жастағы Дәмеш Уленбаева 2013 жылдың 25-тамызында қапыда аға-жеңгесінен айырылып қалады. Тойдан қайтып келе жатқан туыстары жол апатынан көз жұмады. Өкініштісі ерлі-зайыптылардың артында 5 жастағы Медет пен 3 жасар Меруерт қалады.

"Тағдырдың жазғаны болар, отбасымызда осындай қайғылы жағдай орын алып, аға-жеңгемнен айырылып қалдық. Өзімнің де жолдасым 2011 жылы ауырып қайтыс болды. Содан қайын жұртымнан рұқсат сұрап, осы екі балаға бас-көз болайын деп, "опекунство"алып, ауылдағы әкемнің үйіне көшіп келдім. Өзімнің де екі қызым бар, үлкені студент, кішісі 9-сыныпты бітірді. Ауылымыз аудан орталығынан шалғайда жатыр, халық саны аз, мектепте де бала саны аз. Сол себепті аудан орталығына көшсек деген ойымыз бар. Оған қаражат жетпей тұр. Сондықтан көптен көмек сұрауға мәжбүрмін", - дейді балақайлардың әпкесі.

Айтуынша, отбасы Қордайда пәтер кезегінде де тұр екен. Алайда аудан атқамінерлерінің өзі "мемлекеттік бағдарламалармен салынатын үйлердің әзірге дайын болмайтынын" айтқан.

"Әкімнің өзі сход кезінде ол үйлерді салуға әлі жер де бөлінбегенбеді деді. Кеше де осы мәселемен әкімдікке кіргенімізде тағы осындай жауап алдық. Қазір Қордайдан 6 млн теңгеге жер үй қарап отырмыз. Көптің көмегімен және бізге осындай соманы жинауға септескен Эльмира ханымның атсалысуымен 2,5 млн теңгедей сома жиналды. Негізі алғашында ауылда үй салып берсе деген едік. Бірақ көпшілік ауылда адам саны аз және балалардың оқуы үшін ығңайлы болады деп аудан орталығынан үй алу туралы кеңес берді. Неге үй таңдайды, баспана болса болды емес пе деп сөгіп жатқандар да бар. Құдайға шүкір аш отырған жоқпыз, бірақ балалардың болашағын ойлап, Эльмира ханым осылай асарлатып көмектесіп жатқандықтан, осындай қадамға барып отырмыз. Қазақ қашан да жетімін жылатпаған халық қой. Жомарт жандар болса бізге көмек қолын созса екен дейміз", - дейді жамбылдық тұрғын.

Төрт бірдей балаға ана болып отырған Дәмеш Уленбаеваға жәрдем беремін дейтін жандар, төмендерге есепшоттарға қаражат аудара алады:

Ешниязова Эльмира Аблезовна

ИИН:700-216-450-132

Каспий Голд карточка номері: 5169-4931-5788-9422.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
3
0
15
3
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel