Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ер адамдарға қандай әйелдер ұнайтыны белгілі болды

Опубликовано:

Психология саласындағы мамандар ерлерге қандай әйелдер ұнайтынын анықтады. Өмірлік серігіңіздің сізге деген сезімі суымағанын қаласаңыз, мамандардың кеңесіне құлақ түріңіз. Бұл туралы NUR.KZ порталы asn.in.ua сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Махаббат. Көрнекі фото: edinstvennaya.ua
Махаббат. Көрнекі фото: edinstvennaya.ua: UGC

1. Ер азаматтар жетістік жолында әйелінің моральдық қолдау көрсеткенін қалайды. Олар әйелімен бірге жақсырақ бола түскенді қалайтынын ұмытпаңыз.

2. Сіздің өзіңізді күтінуіңіз бен төсек қатынасында ләззат сыйлай білуіңіз де олар үшін маңызды.

3. Үйдегі тазалықты сақтап, дәмді ас әзірлей білсеңіз, нұр үстіне нұр болады.

4. Алайда ең бастысы, ерлер әйелінің қасында өзін еркін сезіне білгенді ұнатады. Егер оның өміріндегі барлық жайтты өз бақылауыңызға алғыңыз келсе, бұл ойдан арылыңыз.

Ер азаматтар өз мақсаттарын жүзеге асыруда сізден тек қолдауды күтеді. Ал мақсаттарына кедергі келтіріп, оның жоспарларына қарсы болсаңыз, араларыңыз суып кетуі ғажап емес.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1736235-er-adamdarga-kandaj-jelder-najtyny-belgili-boldy/

pixel