RU
Тірідей көмілген нәресте ғажайыптың күшімен аман қалды
Жаңалықтар Әлемде

Тірідей көмілген нәресте ғажайыптың күшімен аман қалды

Рассказать Вконтакте

Бразилияда тірідей көмілген нәресте ғажайыптың күшімен аман қалды. Сегіз сағат бойы жерге көміліп жатқан сәбиді полицейлер құтқарып қалған. Бұл туралы NUR.KZ порталы ru.oxu.az сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Көму. Көрнекі фото: ru.oxu.az

Көму. Көрнекі фото: ru.oxu.az

Белгілі болғандай, нәрестені өлдіге санаған ата-анасы оны жерлеген екен. Баланың жер астында шырылдап жылап жатқанын естіп қалған екі полицей оны қазып алып шығады.

Шамамен 50 сантиметр тереңдікке жерленген нәрестенің сүйектері сынып кеткен. Тәртіп сақшылары оны дереу емханаға жеткізіп, ақ халаттылар баланы құтқарып қалды.

Олар сәбидің жағдайы бүгінде бірқалыпты екенін айтуда. Баланың анасы 15 жастағы тұрғын болып шықты. Ол сәбиін босанғанда еденге құлатып алғанын айтуда. Нәресте дауыс шығармағасын, 57 жастағы әжесі оны өлдіге санап, матаға ораған күйі жерлеуді бұйырыпты.

Сегіз сағат бойы көмулі жатқан баланың аман қалуын полицейлер нағыз ғажайыптың өзі деуде.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Сіздің реакцияңыз
3
2
3
2
2
9
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel