RU
Шымкентте 12 жастағы оқушы өз үйінде асылған күйі табылды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Шымкентте 12 жастағы оқушы өз үйінде асылған күйі табылды

Рассказать Вконтакте

Шымкентте 12 жастағы оқушы өз-өзіне қол жұмсап, ажал құшты. Жеткіншек өз үйінде асылып тұрған жерінен табылған деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: sabaqtar.kz

Көрнекі фото: sabaqtar.kz

Қайғылы жағдай сегізінші маусым күні "Бадам-1" шағын ауданындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде болған. Өзіне қол салар күні баладан туыстары ешқандай оғаш қылық байқамағанын айтады.

Ойын баласынан бұндайды күтпеген ата-ана дарға асылған баланы көргенде есеңгіреп қалған. Дереу 103-ке хабар беріп, жедел жәрдем қызметін шақырғанымен, дәрігерлер оқушыны аман алып қала алмаған.

"Жедел жәрдем келгенде бала қайтыс болған. Тәртібі, білім жақсы . Ешкімге тиіспейтін. Ойын баласы. Ойда-жоқта айырылып қалдық. Бұл отбасының үш баласы және бір қызы бар. Қайтыс болған бала үшінші перзенті", - дейді марқұмның туыстары.

Қазіргі уақытта 12 жасар оқушының денесін құзырлы орган өкілдері медициналық сараптама жұмыстарына алып кеткен. Ал марқұм жеткіншектің туыстары баланың денесін арулап, жердің қойнына тапсырмақ.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
3
5
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір