RU
Бойжеткенді кафеге апарған жігіт дастархан шотын төлемей қашып кеткен
Жаңалықтар Әлемде

Бойжеткенді кафеге апарған жігіт дастархан шотын төлемей қашып кеткен

Рассказать Вконтакте

Австрлиядағы Сидней қаласынның мейрамханаларының бірінде қызықты оқиға орын алды. Кафеде бойжеткенмен кездесу өткізген жігіт банкоматтан ақша шешуге бармақ болып, қайта оралмаған. Дастархан шотын қыздың мойнына іліп, кездесуден тайып тұрған ер адамның оқиғасы жайлы мейрамхана иесі айтып берген деп хабарлайды fishki.net сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: fishki.net

Фото: fishki.net

Кешке кездесіп бірге тамақтанған жұптың арасында осындай оқиға орын алады деп мейрамхана қызметкерлерінің ешқайсысы ойламаған.

100 долларға тапсырыс беріп, соңында шотты алып келгенде ер азамат банкоматқа жүгіріп барып келетінін айтқан. Алайда, қайтадан артқа ол келген жоқ. Кездесу нәтижесінде шыққан шотты бойжеткеннің мойнына іліп кеткен ол, ұялмастан оқиға орнынан қаша жөнелді.

Жігітті ұзақ күткен қыздың өзі де ер азаматтың осылай жасап кеткеніне ұзақ уақыт бойы сене алмады. Оның үстіне қашып кеткен ер адам бойжеткенді ұялы телефонында қара тізімге енгізіп үлгерген.

Асқан қамқорлық танытқан мейрамхана өкілдері ыңғайсыз жағдайда қалған қызға көмек ретінде оған шотты төлеттірмей қойды. Олар бойжеткенге тек келесі жолы нағыз еркекпен келсін деген кеңес беріпті.

Фото: fishki.net

Фото: fishki.net

Оқиға туралы өзінің Facebook парақшасына жазған мейрамхана иесі бір айдан кейін қыздың расында да басқа нағыз ер азаматпен келгенін мәлімдеді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
6
1
2
1
0
8
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel