RU
Ақтөбелік дәрігерлер құлағы естуден қалған 12 жасар қызға ерекше қуаныш сыйлады
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбелік дәрігерлер құлағы естуден қалған 12 жасар қызға ерекше қуаныш сыйлады

Рассказать Вконтакте

Кеше Ақтөбеде 12 жастағы қыздың құлағына жасалған екі сағаттық ота сәтті өтті. Туғаннан құлағы естуден қалған бүлдіршін бірнеше рет ем алған. Қызына қымбат отаны дәрігерлер тегін жасайтынын айтқанда анасы ерекше қуанған деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото:NUR.KZ

Фото:NUR.KZ
Source: UGC

"Түрік мамандарымен бірге жасалған отаға 12 жастағы қыз бала таңдалды. Себебі ол баланың дерті асқынып кеткен болатын. Сегіз айлығынан бастап құлағынан іріңді сұйықтық аққан. Баланың құлағы естімейді. Бес жасында жүргізілген ем нәтижесінде іріңнің шығуы тыйылған болатын. Бірақ есту қабілеті қалпына келмеген. Түрік дәрігерлері кешегі жасалған отаның сәтті аяқталғаны туралы айтуда. Енді баланың есту қабілетін қалпына келеді. Бұрын Ақтөбеде мұндай оталар жасалған жоқ. Осыған дейін мұндай дерткен балаларды Алматы, Астана қалаларына жіберіп келдік",-дейді облыстың бас хирургы Ерлан Сұлтангереев.
Фото:NUR.KZ

Фото:NUR.KZ
Source: UGC

Ақтөбеде шеберлік сағаты аясында түрік дәрігерлерімен бірлесіп жасалған ота ана мен балаға қуаныш сыйлады. Баланың диагноз қорытындылары түрік дәрігерлеріне алдын ала жіберілген. Ақтөбеде өткен халықаралықаралық конференция кезінде түрік дәрігерлеріне облыс әкімінің өзі алғыс айтты.

Фото: prosports.kz

Фото: prosports.kz
Source: UGC

«Ақтөбеде медициналық кластерді дамытуды көздеп отырмыз. Салынып жатқан ғимараттар мен аппараттар жай ғана темір, оны пайдаланып, жұмыс жасау керек. Жоғары технологиямен халыққа сапалы ем жүргізуді ойлауымыз керек. Мамандардың біліктілігін арттыруға күш салуға тиіспіз. Біздің арманымыз елбасы армандағандай қазақстандықтардың өз елімізде емделуі. Ақтөбеде медициналық туризмді дамытуға күш салуға тиіспіз. Мемарандум арасында шетелдік дәрігерлердің біліктілігін пайдалануымыз керек»,- деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Бес елдің білікті дәрігерлерінің қатысуымен өткен конференцияда түрік дәрігерлері Ақтөбедегі медициналық орталықтағы технологиялық мүмкіндіктің жоғары екенін айтты. Ал Оңтүстік Корея мамандары өз елдерінде емнің теле экраннан бақылау арқылы жүргізудің дамығанын, оң нәтиже бергенін атады. Оңтүстік Корея үкіметі ақтөбелік дәрігерлерге смартфон арқылы диагноз қорытындыларын қарауға мүмкіндік беретін телеқондырғыны сыйға тартқан болатын.

Фото:NUR.KZ

Фото:NUR.KZ
Source: UGC

«Мұндай конференция Ақтөбе облысында бірінші рет өтіп тұр. Бұл шараның өткен жылы жоспарлаған болатынбыз. Халықаралық конференцияға бес мемлекеттің білікті мамандары шақырылды. Шараға еліміздің барлық қалаларынан 70-ке жуық құлақ пен мұрын ауруларын емдейтін мамандар қатысты. Оңтүстік Корея, Түркия, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан дәрігерлерінің қатысуымен бірнеше шеберлік сабақтары өтті. Білікті мамандардың қатысуымен жасалған жеті ота да сәтті аяқталды»,-деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.
Сіздің реакцияңыз
1
0
1
1
2
12
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel