Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кубиктерден Назарбаевтың суретін жасаған ресейлік азамат көпшілікті тәнті етті

Опубликовано:

Семейде кубикті уақытқа жинаудан ұйымдастырылған "SemeyОpen2018" жарысы кезінде ресейлік қатысушы Нұрсұлтан Назарбаевтың суретін жасап шығарды деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ.
Фото: NUR.KZ.: UGC

Жарысқа Казахстан, Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Иран және Нидерландыдан 200-ден астам адам қатысты.

Ашылу салтанатында ресейлік Роман Страхов Назарбаевтың суретін жабулы көзбен жасап шығарды.

Ол бұл туындысын Семей қаласына арналған сый деп айтқан.

Кубикті уақытқа жинау жарысы 18 деңгей (бір қолмен, аяқпен және жабық көзбен құрастыру) бойынша жүреді. Сайыс екі күнге созылған.

Бұл жарысқа кез келген адам қатыса алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1736293-kubikterden-nazarbaevty-suretin-zasagan-resejlik-azamat-kpsilikti-tnti-etti/

pixel