Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында мүгедек баланы өлтірген тәрбиешінің сөзі елді шошытты

Опубликовано:

Мүгедек баланы тұншықтырып өлтірді деп айыпталған интернат тәрбиешісіне қатысты алғашқы соты басталды. Ақталмақ болған сотталушы, ауру балаларды төсекке таңып тыныштандыруды әріптестерім үйретті деп салды деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: ktk.kz
Фото: ktk.kz: UGC

Жылап қоймаған балақайларды тыныштандыру үшін мұндай әрекеттер баяғыдан бері жасалатын көрінеді. Мұндай жантүршігерлік мәлімдемеге жауап беруі тиіс Талғардағы мүгедек балалар интернатының директоры болса сотқа мүлде келмеген.

"Мен баланы, төсегіне байладым. Бірақ баланы мен ұрып-соғып азаптаған емеспін. Байлап қойғанда демалып тұрды бала" , - деп айтты сотталушы.

Тәрбиеші бұл әдіс мүгедек балалар интернатындағы қалған 90 балаға да қолданылатынын айтып, сотқа қатысушыларды шалқасынан бір-ақ түсірді. Сөйтсе, жындыхананың тәсілін мұндағылар жылдар бойы қолданып келсе керек.

Сотқа куәгер ретінде шақыртылған басқа тәрбиешілер Жалымованың сөзін теріске шығарды. Тіпті, бала өзі ауру болатын деп оның өлімін кездейсоқтыққа баламақ болған.

Бірініші сот отырысы тараптардан жауап алумен аяқталды. Айта кету керек, бала өлімі бойынша сотталушы орындығында тек бір тәрбиеші ғана отыр. Десе де, жақын күндері оған, әріптестері қосылып қалуы мүмкін. Өйткені, жәбірленуші тараптың адвокаты басқа да балаларды азаптады деген күдікпен бүкіл ұжымның үстінен іс қозғауды сұрамақшы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1736294-almaty-oblysynda-mgedek-balany-ltirgen-trbiesini-szi-eldi-sosytty/

pixel